Өскеменнің трамвай паркін жаңартуға ₸60 млн бөлінеді

Өскеменнің трамвай паркін жаңғырту үшін 60 миллион теңге субсидия бөлінетін болды.

Мекеме басшылары ескі транспорт мәселесін 2,5 жыл бойы көтерді. Бұған дейін Әділет департаменті тарифті өсіру арқылы мәселені өздерің шешіңдер деп, мемлекеттен жеңілдетілген көмек алу шарасына рұқсат бермей келді. Жалпы аталған​ парк талай жыл жекенің меншігінде болып, жұмысы тұралап қалған еді. Төрт жыл бұрын мемлекеттік балансқа өткеннен бері ауқымды жаңарту шаралары жүргізіле бастады. 40 жыл дегенде алғаш рет жаңа тармвайлар алынды. Дегенмен мәселе бұнымен бітпейді. Көлік релістері, байланыс желілері де ескірген.

Михаил Чайка, трамвай паркінің директоры:

- Жыл сайын жұмысшылардың жалақысын көтеріп тұрмаса болмайды. Оның үстіне көлікке қажетті бөлшектер бағасы қымбаттап барады. Трамвай үздіксіз жүріп тұру үшін оның рельсі, электр желісі де жаңартылып тұру керек. Бұның барлығын аз шығын емес.