«Аграрлық несие» шағын несие беруді жалғастырып жатыр

Кәсіп бастаймын деушілерге мүмкіндік көп.

Мәселен «Аграрлық несие» корпорациясы жастарға жеңілдікпен шағын несие беруді жалғастырып жатыр. Биыл бұл мақсатқа 29 млрд теңге бөлінді. Демеу қаржыны алуға 5 мыңнан аса адам өтініш берген. Бүгінде 3 мыңнан астам жоба мақұлданып, 2,5 мыңы қаржылай қолдау тапты. Бұл шамамен 11,4 млрд теңге. Кәсіп ашқысы келетіндердің дені мал шаруашлығы, қызмет көрсету, сауда және жеңіл өнеркәсіп салаларын таңдаған. Айта кеткен жөн, жеңілдетілген шағын несие  21-35 жас аралығындағы ел азаматтарына беріледі.