12 мың тұқы балығы «Қоянды» су қоймасына жіберілді

Ұзындығы 2 сантимертрді құрайтын 12 мың тұқы балығы «Қоянды» су қоймасына жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар су астында тіршілік етіп, әрі қарай өздігінен көбейеді. Шабақтар көктемнен бері арнайы тоғанда өсірілген. Бір жылда олардың салмағы 500 грамға дейін жетеді.

Былтыр қоймаға 30 мыңға жуық шабақ түсті. Мамандардың айтуынша, балық жіберу арқылы судың экологиялық жағдайын жақсартуға болады.

Шәймерден Бекетаев, қорықшы:

- Жіберген мақсатымыз «любительский лов» дейді ғой, балықшыларға сол үшін жіберіп отырмыз. Солар келіп, мұнда аулайды. Бұл балықтарды біз көктемнен бастап баптадық, өсірдік. Қазір, міне, жіберіп тұрмыз. Балықтар суға жіберілгеннен кейін оларды 2 жыл аулауға болмайды. Олар өсуі керек 2 жылда.