«Қазақстан» шахтасының жұмысы ішінара тоқтады

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасының жұмысы ішінара тоқтатылды.

Бұл жайында «Қорғау» кәсіподағының өкілдері хабарлады.

Ал осы өндіріс орнында 17 тамызда болған апаттан соң 600 қызметкер Көмір департаментіне қарасты өзге шахталарға жұмысқа орналасты. АрселорМиттал Теміртау кәсіпорны өкілдерінің айтуынша, қазір өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүріп жатыр.