Қос диплом алуға мүмкіндік бар

Биыл қазақстандық алты университет шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп, маман даярлауға кірісті.

Осының арқасында жастар төрт жылдан кейін қос дипломға ие болады. Мәселен Солтүстік Қазақстандағы Манаш Қозыбаев университеті АҚШ-тың Аризона униерситетімен әріптестік орнатып, кезекті оқу жылын бастады. Салтанатты шараға Ғылым және жоғары білім министрі, Америкадан арнайы келген оқытушылар және студенттер қатысты. Жауапты мамандардың айтуынша биыл аталған бағдарлама аясында грантқа оқуға түскендердің саны айтарлықтай артқан. Енді олар алғашқы 3 жылды Петропавлда, ал соңғы курсты АҚШ-та тәмамдайды. Ол үшін бар жағдай жасалған.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Жастар өкінішке орай Алматы, Астана ірі қалаларға келеді. Ал мына филилдар ашылғалы, мысалы осы солтүстік қазақстан өңіріне былтыр 148 бала түсті. Халықаралық бағдарламамен қос дипломдық бағдарласына сегіз өңірден келді балалар. Ата-аналар Тараздан, Ақтөбеден, Астанадан. Биыл 500 баланы қабылдап жатырмыз, 18 өңірден. Бұл нені көрсетеді? Енді солтүстік Қазақстан өңірі тұңғыш рет мынау 30 жылдық тарихында Академиялық ұтқырлық хабына, орталығына айналуда.