Павлодарда құтқарушылар өрт кезіндегі іс-әрекетін пысықтады. LIVE

Ал Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты.

Бұл қаладағы ең ірі тұрғын үй кешені. Маңайында қонақ үй, сауда орындары, әлеуметтік нысандар мен сервистік орталықтар орналасқан. Абырой болғанда бұл Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған тактикалық оқу - жаттығуы.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

Өрт шыққан үйдің аумағында  қазір қарбалас. Адамдар  қауіпсіз жерге шығарылып жатыр. Олар өрт баспалдақтары арқылы төменге түсіріледі. Мамандар дәл осындай  жағдайда дүрбелеңге түспей, сабыр сақтау керектігін еске салады. Іс жүзінде өткізіліп жатқан шараға    өрт сөндірушілерден бөлек   полиция қызметі, азаматтық қорғаныс күштері, апаттар медицинасы, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтер қатысып жатыр.  Барлығы  өз міндеттерін нақты білуі тиіс және орындауы шарт. Дәл осындай өрт тіркеле қалған  жағдайда қалай әрекет ету керек. Ол туралы мамандар не дейді? Менің жанымда Облыстық ТЖД –нің өрт –бақылау басқармасының бастығы Оразбек Уәлиханов тұр. Оразбек Тоқболатұлы  сақтық шараларына тоқталсаңыз.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

Оқу –жаттығуға бұл нысан тегін таңдалмаған. Он жеті қабатты тұрғын үй кешенінің жанында  көптеген коммерциялық ғимараттар орналасқан. Оларда бір  мезетте 200-  300 адам болуы мүмкін. Сценарий бойынша өрт 9-шы қабаттан шықты. Қою түтін әп-сәтте жоғарыға көтерілген.  Осы кезде тұрғын  үйдің төбесіне шығып кеткен адам құтқарылды. Өрттің ошағы да анықталып, тілсіз жау ауыздықталды.  

Иә, жыл басынан бері Павлодарда отыздан астам өрт тіркелген екен. Бес адамның өмірін құтқару мүмкін болмады өкінішке қарай. Ал өртке себеп болатын жағдайлар өте көп. Тозығы жеткен электр сымдарының тұйықталуы, адамдардың салғырттығы. Электр құралдарын пайдалануда жіберілетін қателіктер. Кеше ғана көпқабатты үйден өрт шығып, 76 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді. Олардың 20-сы бала. Өрт сөндірушілер үшін қазір қауырт шақ. Тұрғындар күз мезгілінде жылытқыш құралдарды көптеп пайдаланады. Жекеменшік секторда тұратын адамдар пеш жаға  бастайды. Бүгінгі өтіп жатқан оқу –жаттығудың мақсаты   тұрғындарды сақтыққа шақыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.