ШҚО-да жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Жылыту маусымы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметінің мамандары пештерді тексеріп, олқылықтарды анықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін өз ұсыныстарын айтады. Сонымен қатар үйлерде көміртегі тотығы датчиктерін орнатады. Бірінші кезекте жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандарға, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға көңіл бөлінеді.

Марина Лискова, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Алдын-ала орнатылған көміртегі тотығы датчиктерінің арқасында өткен жылдары 37 адамның аман қалды. Дабыл дер кезінде іске қосылып, тұрғын үйдің ішінде көміртегі тотығы таралғанын көрсетті.