А. Балаева мектепте хиджаб киюге қатысты түсініктеме берді

«Қоғамда мектеп оқушыларының хиджаб киюіне байланысты қызу пікірталас азаяр емес». Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы мәселеге түсініктеме берді.

Ол өзінің Facebook парақшасында Қазақстанның «зайырлы ел» екенін еске салып, мемлекеттік саясаттың барлық мәселесі азаматтық нормалармен реттелетініне тоқталды. Білім ордасындағы әрбір оқушыға арнайы форма кию міндеттелген. Мектепте бала сапалы білім алуы керек. Ал діни наным-сеніміне қарай қалай киінетінін өзі шешеді,- деп жазды министр.