Жамбыл облысындағы су арнасының құрылысы биыл аяқталады

Жамбыл облысында құрылысы 4 жылға созылған «Райыс» каналы биыл аяқталатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

8 шақырымдық су арнасы Жамбыл ауданындағы 3000 гектарды тіршілік нәрімен қамтуы тиіс болатын. Диқандар ескі су арнасының ені 4 метр болғанын айтады. Десе де жаңа жоба бойынша ол 2 есе қысқарып қалған. Енді секундына 3 текше метр су өтетін каналға су сыймай, далаға ағып жатыр. Әрі қоршаулары да құлап қалған. Салдарынан 200-ге жуық қожалық иесі егістігімізге су жетпеді деп шағымданып жатыр. Ал жергілікті билік құрылыстың созылып кеткенін мойындайды. Жауапты мамандар суару маусымы аяқталысымен құрылыс жұмыстарына кіріспек. Өзекті мәселе жыл аяғына дейін шешілуі тиіс.

Ербол Жиенқұлов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

- Сметаның дұрыс болмауына байланысты мына пандемияның кезінде әсері болғанына байланысты тағы да 1 жылға ұзартты. Ол жұмыстарды бүгінгі күнге 82%-ке аяқтады. Биыл жылдың аяғымен толыққанды жұмыстарды жүргізуге дайын.