«Хабар» Агенттігі көрерменге жаңа жобалар дайындады. LIVE

«Хабар» Агенттігі биыл көрерменге соны жобалар дайындады. Ол қандай жобалар, алдағы маусым несімен қызық?

Әл-Фараби Серіков, тілші:

- Жаңа маусым құтты болсын! Иә, дәл қазір «Хабар» Агенттігінің жаңа маусымының таныстырылымы өтіп жатыр. Хабар арнасы биыл көрерменге 7 жаңа жоба ұсынбақ. Одан бөлек, 20 деректі фильм экранға шығады. Және Отандық 12 телесериал көрсетіле бастайды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге көп.

Айта кеткен жөн, «Хабар» арнасының былтырғы маусымында көпшілік көңілінен шыққан 22 жоба өз жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар «Ел Арна» арнасы көрерменге 17 жаңа жоба ұсынады. Бағдарламалардың басым көпшілігі жастар аудиториясына бағытталмақ.