Отандық геологтар Астанада бас қосты

90-шы жылдардан бері елдегі геология саласы көлеңкеде қалып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан пайдалы қазбалар қоры да таусылып барады. Сондықтан осы геология саласына тың серпін беріп, жандандыру қажет. Бұл жайында бүгін алғаш рет ұйымдастырылған отандық геологтардың І съезі барысында айтылды. Жиында қордаланған мәселелер талқыланып, минералды-шикізат базасын толықтыру жайы сөз болды. Сала мамандарының айтуынша, қазір қаржыландыру мәселесі өзекті. Бүгінде геологиялық барлауға Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 8 доллар ғана ақша беріледі. Ал іргедегі Өзбекстанда бұл сома 100 доллардың төңірегінде екен. Бұдан бөлек, арнайы техникалардың да тозығы жеткен. Сондай-ақ салаға тың серпін беретін мамандарда тапшы болып отыр – дейді съезге қатысқандар.

Ерлан Ақбаров, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитетінің төрағасы:

- Былтыр желтоқсанда үлкен біздің тұжырымдама қабылданды. Онда 4 бағыт анықталды. Біріншісі – мемлекет жүргізетін геологиялық зхерттеулердің маңыздылығын көтеру, минералдық шикізат базасын ұлғайту. Екіншісі -–ақпараттандыру, цифрландыру. Үшіншісі – геологиялық ғылымды дамыту және мамандар дайындау. Төртіншісі - осы геологиялық инфраструктураны дамыту.