ҚХА үйлесімді қоғам құруға белсене атсалысады

Бұл этносаралық қатынастарды нығайту, медиация, құқықтық белсенділікті ілгерілету және қоғамдық келісімді дамыту негізінде жүргізілмек.

Алматыдағы Достық үйінде бас қосқан сарапшылар Мемлекет басшысы қойған осы міндеттерді жан-жақты талқылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда келісімді қамтамасыз етуде кешенді шаралар жүргізіп келеді. Азаматтық сектор, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен белсенді байланыс нәтижесін беріп келеді. Мысалы, медиация институты жүйелі түрде даму үстінде. Ассамблея аясында 1200-ден аса медиатор табысты жұмыс істейді. 

Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:

- Былтыр 2022 жылы медиаторлар 10 мыңға жуық азаматтарды қабылдап, соның басым бөлігінің сұрақтарын кеңес тарапынан шешіп, сотқа дейін жеткізбеді. Басым бөлігі, әлбетте, мынау әлеуметтік жағдайға байланысты, құқықтық мәселелер. Бірақ соларға қажетті кеңес беріп, көптеген сұрақтарды шешті. Бұл институт бізде орталық құрылып арнайы және семинар тренингтер медиаторларға өткізіп, жүйелі дамып келе жатыр.