Қостанай облысында жол жөндеудің жөні қалай?

Торғайдан Ахмет Байтұрсынұлы ауылына апаратын жол бойында жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Торғай-Ақшығанақ арасында жұмыс жүріп жатыр. Яғни, көтерме жолды биіктетіп, табанына құм аралас қиыршық тас төселеді. Ал бұған дейін созбаққа түскен жол құрылысы қайта басталмақ. Бұған бюджеттен қыруар қаржы қаралып, мамыр айында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Бірақ тендерге қатысуға ешкім ниет білдірмеген. 

Айдаралы Талпақов, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары:

- Мердігер жаңа анықталып жатыр. Былтыр Шұбалаң Қарасудың 26 шақырмына асфальт салдық қой. Қалған жұмыстарын құм аралас қиыршық таспен алмастырдық. 50 шақырым. Сосын әрі қарай 4 шақырымға көтерме жол салынады.