Елімізде шала туған нәрестелердің көру қабілетін арттыратын дәрігер тапшы

Шалғай ауылдарда балалар көз дәрігері жетіспейді.

Шала туған бүлдіршіндердің жанарымен жұмыс істейтін білікті маман да тапшы. Бұл жайында Алматыдағы Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының 90 жылдығына арналған конференцияға жиналған дәрігерлер айтты. Отандық және шетелдік офталь-мологтар көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін де талқылады. Офталь-мологиялық хирургиядағы инновациялық технологиялар, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша үздік әзірлемелер таныстырылды. Қазақстанда көз ауруларын емдеуде озық технологиялар сәтті қолданылып жатыр, дейді мамандар. 

Тұрсынгүл  Ботабекова, ҚР офтальмологтар қауымдастығының президенті:

- Ең күрделі сұрақтың біреуі трансплантация, неге десеңіздер 36-жылы басталған көз трансплантациясы бүгін өкінішке қарай бүгін жасалмай отыр. Неге десеңіздер, трансплатационный материалымыз жетпейді. Сол сұрақтардың бәрін осы конференицияда талқылап, мен  ойлаймын керемет сұрақтардың шешіміне жетеміз.