Абай облысы Жетіжар ауылындағы сібір жарасы туралы күдік расталмады

Абай облысы Жетіжар ауылындағы сібір жарасы туралы күдік расталмады

Абай облысының Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасына шалдықты деген күдік расталмады.

Бұл туралы жергілікті ветеринария басқармасы хабарлады. Науқастан екінші рет алынған қан сараптамасы жұқпалы індеттің белгісі жоқтығын көрсеткен. Бірақ ол ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы тәуірленіп келеді. Жетіжар ауылында сақтық мақсатында ірі қара мал тексеріліп жатыр. Ауыл тұрғындары да күнделікті міндетті термометриядан өтеді. Дүйсенбі күні Жетіжар ауылында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Сібір жарасы таралуы мүмкін деген күдікпен елді мекеннің кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.