«Адал еңбек» телемарафоны сағат 12:00-де басталады

Бүгінгі мерекеге  орай «Хабар» Агенттігі «Адал еңбек» атты ауқымды телемарафонын ұсынады.

Сағат 12:00-де басталатын жоба «Хабар» арнасында көрсетіледі. Телевизиялық марафон барысында еліміздің түкпір-түкпірімен, сондай алыс-жақын шетелмен тікелей эфирде байланыс орнатылады. Қосылым кезінде ұжымдар мен еңбек адамдары өздерінің кәсіби жетістіктері туралы айтады. Телемарафонынң басталуына бір сағаттан аз уақыт қалды. Трансляция алаңындағы дайындық қалай?

Бақыт Топтаева, тілші