Бетпақдалаға төрт мың дуадақ құсы жіберілді

Қызылорда облысы аумағындағы бетпақдалаға төрт мыңнан астам дуадақ құсы жіберілді.

Соңғы жылдары азайып кеткен қанаттының бұл түрін көбейту үшін Түркістан облысында арнайы тәлімбақ ашылған. Сол жерде өсірілген бір жылдық балапандар бірнеше күннен бері қоршаған ортаға жіберіліп жатыр. Дуадақтың «джек» түріне жататын балапандар шөл даланы мекендейді. Сондықтан болар, Қазақстанның оңтүстігіне тез бейімделеді. Қызылорда облысы аумағына дуадақ құсын жіберу шарасы 2017 жылдан бері жүйелі түрде жалғасын тауып келеді.

Кенжеғазы Нұрылдаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстанға жерсіндіру, көбейту мақсатында жіберіп жатырмыз. Бұл құстардың әрқайсында аяқтарында номерленген чиптары бар өздерінің.