Жалған ақша сатпақ болған маңғыстаулық ұсталды

Күдікті номиналы 50 АҚШ доллары болатын өтірік купюраны өткізбек болған кезде қолға түсті.

Тінту уақытында одан қолдан жасалған 3850 доллар көлемінде жалған валюта тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сондай-ақ «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.