Ә.Смайылов: Медицина саласын цифрландыру қажет

200-ден аса ауыл медициналық нысанға зәру.

Барының көбі тозған. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне алғашқы медициналық-санитариялық көмек орындарын қолданыстағы нормативтерге сәйкес жабдықтауды тапсырды. Маман тапшылығын жою үшін әсіресе ауылдық жерлерге түлектерді ғана емес, тәжірибелі дәрігерлерді де тарту керек деді. Бұл үшін ынталандырудың жаңа әдісін әзірлеуді міндеттеді. Аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы интернетке қосу керек. Әлихан Смайылов қажетті консультацияны жедел алу үшін ауылдарға телемедицина және қашықтан қызмет көрсету мүмкіндігін ұсынуды тапсырды.