Елдегі қоқыс таситын көліктер GPS арқылы қадағаланады

Жоба келер жылдан бастап барлық өңірде жүзеге асады.

Әзірге Шымкентте іске қосылған. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі айтты. Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, 5 айда ел аумағында 5,5 мың заңсыз қоқыс полигоны анықталған. Соның жартысы жойылды. Үкімет басшысы әкімдіктерге жыл соңына дейін полигондардың санын екі есеге дейін азайтуды тапсырды. Ал қарашаға дейін жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша бағдарламаны бекітуі тиіс.