Қызылорда облысында электр желілері жаңартылды

Қызылорда облысының Арал ауданында, электр желілері мен қосалқы станциялардың 60 пайызы ескірген.

Шалғайдағы елді мекендерден бөлек аудан орталығында, жарық жиі сөніп, тұрғындар әбігерге түседі. Мәселені шешу үшін аудандағы екі мың шақырым электр желісінің жартысынан астамы жөнделіп жатыр. «Биыл Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде электр желілерінің 30 пайызы жаңартылды. Ақеспе, Қосжар, Қарақұм елді мекендерінде де, жаңа бағаналар тұрғызылып, тоқ сымдары тартылды. Келер жылы бұл жұмыстар жалғасады» - дейді мамандар. Жалпы облыста электр желілерінің 68 пайызы тозған. 

Амантай Қарамырзаев Арал аудандық электр торабы бастығының м.а:

- 7 елді мекеннің ішкі электр 0,4-10 КВ трансформаторлы стансаларын жаңғыртуға байланысты жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, экспертизадан өтіп, қазіргі таңда бюджетттік өтінім беріп қойылды.