Ақтөбе облысында әлеуметтік баспана салынып жатыр

Ақтөбе облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған баспана салынып жатыр.

Қарауылкелді ауылындағы үй мұқтаж жандарға үлестіріледі. Екі қабатты ғимаратта 16 пәтер болады. Құрылысқа облыстық бюджеттен 193 млн 642 мың теңге қаржы бөлінген. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша тұрғын үй қараша айында қолданысқа берілуі тиіс. Қазір ауданда пәтер кезегінде 272 адам бар. Олар жалғызбасты аналар мен мүгедектер, жетімдер мен көпбалалы отбасылары. Бұдан бөлек баспанасы апатты күйде тұрған екі отбасы тіркелген.

Болатбек Қонаров, Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бұл екі үй арнайы органның қорытындысы бойынша апаттық деп танылып, қазіргі таңда мына аудандық ТҮКШ жәна автомобиль жолдары бөлімінің базасында кезекте тұр. Тұрғындарға бұл баспана берілетін болады.