Азия ойындарында 50 дәрігеріміз күні-түні еңбек етеді

Қытайдың Ханджоу қаласында Азия ойындары жалғасып жатыр.

Ұлттық құрама спортшылары жарыс алаңдарында айқасып жатса, оның сыртында отандық дәрігерлердің өз қарбаласы бар. Әріптесім Аслан Қаженов осы көзге көріне бермейтін мамандар жұмысына да тереңірек үңіліп, арнайы медициналық орталығымызда болып қайтты.

Ылғалдық, қапырық және жоғары температура. Ханджоу қаласы климатының өзіндік ерекшелігі бар. Осыған байланысты қазақстандық спортшыларды бұнда бірер күн ертерек әкеледі. Егер денсаулықтары сыр беретін болса арнайы медицина ортвалғына барып, өзіміздің мамандар көмегіне жүгіне алады.

Аслан Қаженов, тілші:

- Ал бұл жерде қазакқстандық делегацияның, оның ішінде ұлттық құраманың медициналық орталығы. Иә, осындай да жағдайды жасайды. Мінеки, қызу қарбалас бұнда да. Жаңа сұрап, біліп жатырмын. Мына жақта массаж жасайтын мамандар. Спортшлыар кезек кезегімен осында келеді.

Азамат Нұрматов, ҚР Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының басшысы:

- Бүгінге отызға жуық спортшы келді. Әртүрлі шағыммен. Оның ішінде массажға келгендер бар. Бірінші чартермен 18 маман келді. Оның 9-ы массажист. Қалғаны дәрігер. Спорт дәрігері. Әр чартермен толықтырылып

отырамыз. Мына жерде тіркейміз келген спортшыларды. Өзімізбен әкелген дәрілеріміз бар.

Бұған қоса, отандық мамандар арнайы медициналық апппаратарын да әкелген. Олар спортшылардың жарыс алдында денсаулығын тексеруге және жарыстан кейін қалпына келтіруге көмектеседі. Бұндағы дәрігерлер арнайы кесте бойынша қызмет етеді. Ал қолы қалт ете қалғандар жарыс алаңдарына барып, сол жақта спортшыларымызға қарасады.

Аян Тұрсын, Азия ойындарының қола жүлдегері:

- Мен кеше аяғымды ауыртып алдым. Сол кезде дәрігерлер көмегін көрсетті. Одан кейін бүгін жарысқа шыққанға дефйін аяғыма комперс жасап, ауырмайтындай істеді. Көмегі өте зор болды. Қасымда дәрігер жүрді. Аяғымның ауырғанын сезбедім десе де болады.

Оның сыртында Қытайдың медицина мамандары да бар. Азия ойындарына арнайы 800-ден аса дәрігерді жұмылдырған. Олар күрделі жағдайға тап болып, шұғыл көмекке мұқтаж спортшыларды қабылдайды. Мәселен, мына автобустарда операция жасауға болады. Сәйкесінше, ең озық медицина технологияларын қолданылады. Тіпті,  керек жарақтарын жедел жеткізу үшін дрондарды да іске қосқан.

Айта кетейік, Ханджоу қаласындағы ойындар 9-шы қазанға дейін жалғасады.
Авторы: Аслан Қаженов