Биыл 150-ге жуық ауыл ауызсумен қамтылады

Биыл 150-ге жуық ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілі хабарлады. Маманның айтуынша, 2000 шақырым коммуникациялық желіні қайта құру жоспарланып отыр. Бірақ кей елді мекендерде әлі күнге дейін су құбырларын жөндейтін кәсіпорын жоқтың қасы.

Нұрсұлтан Керемқұлов, ҚР ӨҚМ комитеті басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда 600-ден астам елді мекенде мамандандырылған қызмет көрсету кәсіпорны жоқ немесе мұндай кәсіпорындар арнайы техникасы жоқ, маман тапшы мекемелердің әлде әкімдіктің қарамағында. 2029 жылға дейін әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен ауылдарды мамандандырылған кәсіпорындармен қамтамасыз етуі тиіс. 

 

Су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі

Өзімізде бар жер асты суларын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін зерттеу жұмыстарын күшейтіп, жаңа технологиялар енгізу керек, - дейді Өңірлік даму орталығының директоры Ерлан Кәрімов. Бірінші кезекте халықты ақпараттандырып отыру маңызды. Себебі тұрғындар суды үнемдеп тұтынуға дағдыланса, біраз түйткілдердің алдын алған болар едік, - дейді маман.

Ерлан Кәрімов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Өңірлік даму орталығының директоры:

- Қазір Қазақстандағы жерасты суларын зерттеп жатыр. 4000-ға жуық оның көздері бар. Соның 1100-і зерттеліп қолданылып жатыр. Сәйкесінше егер де біз осы жерасты суларын дұрыс қолданатын болсақ, алдағы 30 жылға ол бізге жеткілікті болады.