Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, ертең Қостанай мен Павлодар аспанын тұман торлайды.

Қарағанды және Ақмола облыстарында жел күшейеді. Елдің солтүстігінде түнде термометр бағаны 1 градусқа дейін төмендейді. Ал Маңғыстау, Түркістан облыстарында өрт қаупі әлі сейілген жоқ.