Үкіметте медицина саласын дамыту мәселесі талқыланды

2027 жылға қарай медицина саласын қаржыландыру деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін жеткізе отырып, оны дамытудың тұрақты моделін құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиында Әлихан Смайылов,, Денсаулық сақтау саласында ауқымды реформа жүргізіліп жатқанын және осы бағытқа инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша жеке инвестициялар тарту арқылы 20 заманауи көпбейінді аурухана салу жоспарланған.  Жалпы өткен жылдың қорытындысына сәйкес Медицинадағы негізі капиталға салынған инвестиция көлемі 30 пайызға артты. Соңғы 7 жылда фармацевтика нарығының көлемі 2,9 есе өсті.