Азия ойындарындағы ең жас және ең егде спортшылар

Азия ойындарына қатысып жатқан спортшыларымыздың арасында әр түрлі буын өкілдері бар.

Мысалы, ең кішісі мектеп оқушысы болса, ең үлкенінің  немересі бар. Соған қарамастан Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ханджоу төріндегі байрақты бәсекеге 500-ден аса жерлесіміз аттанған болатын. Араларында Еркежан мен Ділназ ең жасы саналады. Олар қазір небәрі 13-те. Соған қарамастан көгалдағы хоккейден ұлттық құрама сапына алынып, ел намысын қорғап жүр. Жетісулық қыздар алғашқы ойында Индонезия командасын 2:1 есебімен ұтты.

Ділназ Нығметжанова, көгалдағы хоккейден ұлттық құрама мүшесі:

- Жеті жыл болды айналысып жүргеніме. Ағаларым осы жерге әкелді. Бұл командалық спорт. Жаңадан көптеген достарымды таптым. Әртүрлі елдерге барамыз. Бұл менің алғашқы Азия ойындарым. Өте қуаныштымын. Менің арманым Қазақстаннан шыққавн алғашқы әлем чемпионы атану.

Ал ең егде спортшымыз 53 жаста. Ольга Панарина стенд атудың скит бағытында өнер көрстееді және командалық сында алтын жүлдегер атанды. Кейіпкеріміздің 7 жасар немересі де бар. Соған қарамастан спортпен әлі күнге дейін кәсіпқой тұрғыда шұғылданады және ары қарай да жалғастыра беретінін алға тартады.

Ольга Панарина, Азия ойындарының жеңімпазы:

- Спортшылар ешқашан қартаймайды. Өйткені, біз үнемі бапта болуымыз керек. Оның үстіне өзімізді күтуге де ерекше көңіл бөлеміз. Ең бастысы осы спортты қатты жақсы көрем. Сондықтан, күшім сарқылмайды. Мотивациям жоғалмайды. Мен әлі өзімде 25  дастағыдай сезінемін.

Расымен де, спорт жасты талғамайды. Мәселен, дәл осы Азия ойындадарында 60 жастағы Аддулла әл Рашмиди алтын жүлдегер атанды. Кувейт өкілі стенд атудың скит бағытында сынға түскен болатын. Ал 13 жастағы қытай қызы  Цуй Чэньси скйтбордингтен ең үздік нәтижені тіркеп, құрлықтық доданың алтын жүлдесін жеңіп алды.

Аслан Қаженов, тілші:

- Негізі осындай Азия ойындарында не олимприада ойындарында жасқа қатысты қатып қалған шекетеу жоқ. Әр спорттың ерекшелігі ескеріледі. Десе де, федерациядар өз өкілін 16 жастан жарысқа шығаруға тырысады. Мысалы, біз қазір 13 жастағы спортшылар туралы айтып тұрмыз. Ал арғы тарихта 10 ында жүлдеге іліккен деректер бар. Оған 1896 жылғы олимпиадада қола алған грек гимнасты дәлел. Ал ең егде спортшы туралы айтар болсақ, 1908 жылғы оилмпиада швед сұрмергені 72 жасында күміс жүлдегер атанды. Міне, кешенді ойындар осындай фактілерімен де қызықты.

Авторы: Аслан Қаженов