ШҚО-да медициналық мекемелерде санитарлық талап сақталмаған

Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық мекемелерде санитарлық талап сақталмаған.

Бас прокуратураның бастамасымен ауруханаларға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде желдету жүйелерінің тазартылмағаны, медициналық қалдықтарды жою жұмыстарының жүйелі жүргізілмегені анықталды. Оған қоса ғимаратар уақытылы залалсыздандырылмаған. Ал палаталарда орын тапшы. Мұндай келеңсіздікке жол берген медициналық мекеме басшыларынан 3 млн теңге айыппұл өндірілді. Оған қоса әкімшілік құқықбұзышылық бойынша 17 млн теңге айыппұл салынды. Бес заңбұзушылық бойынша іс-құжат сотқа жолданды.

Сәуле Сләмғазина, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Санитарлық-дезинфекциялық талаптарын сақтамау, медициналық қалдықтарды жинау, жою тасымалдау бойынша бұзушылықтарды анықтады. Тексеру нәтижесінде барлығы 117 әкімшілік іс құралды. Нәтижесінде 25 ұйғарым берілді бұзушылықтарды жою мақсатында.