Түркістан облысында Бұқар бұғылары орманға жіберілді

64 жануар бұған дейін тәлімбақта болды.

Енді тұяқтылар еркіндікке бейімделуге тиіс. Қызыл кітапқа енген жануарлардың популяциясын көбейту шаралары 20 жылдан бері жүріп жатыр. Сол кезде саны тым азайып кеткен бұғылар қамқорлыққа алынды. Уақыт өте келе тәлімбақ аумағы ұлғайып, бұғы саны 200-ге жетті. Тұяқтылардың өсімін қалыпқа келтіру жобасы Арыс қаласы мен Сауран ауданында жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта мамандар құлан мен қарақұйрықты қорғау шараларын қолға алмақ. Әзірге орман қорындағы 200 гектар жер қоршалып, жем-азық қоймасы салынды. 

Бақыт Мұсалиев, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- Тұқымбақтың ішінде көбейгеннен гөрі сыртта жүрген бұғылардың көбейген саны байқалады. Бұл біздегі камераларға түсіп қалады, адам көзіне көріне бермейді. Сирек көрінеді. Бұдан бөлек, қосымша тұқымбақтың айналасына келетін, сыртқа шығарылған жабайы бұғыларымыз бар.