Өзара құрмет қағидасы бұзылмауы керек

Қазақстан Президентінің БҰҰ мінберінен Құранды ғана қорғап қоймай, өзге де діндерге тиесілі, қасиетті кітаптар, вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуы қажеттігін айтты.

Бұл - бүкіл әлемге үлкен ой салатын маңызды мәселе. АҚШ-тағы өркениеттер ал-масуы және, ынтымақтастық қорының президенті Имам Башар Ара-фат Қазақстан басшысының ұсынысын қуана қабылдағынын айтады. Ол адамзат баласы 21-ші ғасырға аяқ басса да, түрлі діни-алауыздықтың кесірінен, өзара құрметтің болмауынан зардап шегіп отыр дейді. Ал БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені ашық көтеріп, әлемдегі 2 миллиард мұсылман үшін қасиетті Құранды қорғай сөйледі. Дін сияқты нәзік ұғымға байланысты жабайы әрекеттер демократия мен ашықтықты білдірт-пейтінін ашып айтты. Жалпы Қазақстан жаһан жұртшылығына әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын, бір үстелге жинап-ақ үлкен үлгі көрсетіп отыр. Башар Арафат былтырғы шараға қатысып дін аралық дипломатияға тәнті болғанын айтады.

Мохамад Башар Арафат, өркениеттер алмасуы және ынтымақтастық қорының президенті:

- Президент Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы баяндамасы шынымен  Америкадағы біздер үшін жаңа үн болып естілді. Әлем жұртшылығы назар аударуы керек өте маңызды мәселені көтерді. Өкінішке қарай БҰҰ-да мұндай өте өзекті мәселені басқа елдің президенттері көтергенін көрмедім. Сондықтан біз өзіміздің тарапымыздан да діни жетекшілерді, жастарды алуан мәдениет бөлісуге шақырамын. Біз тек әралуандық пен діни құрметке бет алу арқылы жергілікті, аймақтық және жаһандық деңгейде бейбіт те қауіпсіз өмірге қол жеткізе аламыз.