Қызылордада жұмыссыз жастарға қайтарымсыз қаржы беріледі

Қызылордада жұмыссыз жастарға 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражат беріледі.

Мамандар биыл 14 жоба қаржыландырылатынын айтып отыр. Оның ішінде ауыл жастарының бастамаларына басымдық берілмек. Дәл осындай грант осыдан 5 жыл бұрын өңір жастарына берілген. Сол кезде басталған әлеуметтік маңызы бар бизнес идеялар әлі де жалғасын тауып келеді. Мысалы Жаңақорған ауданының жастары ұсынған 63 жобаның 95 пайыздан астамы сәтті жүзеге асқан. Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаржының мақсатты игерілуі қатаң бақылауға алынады, дейді жоба жетекшілері.    

Әкімбек Әлібек, Zhas Project жобасының тәлімгері:

- Екі ай бойы реализация кезінде қадағалау жергілікті ментрлар бар, сол ментрлардың көмегімен қадағалау жүргізіледі. Басына барып, проектінің болып жатқанын толық тексереді. Алынған заттар, қосымша күнара видео зуммен байланыс арқылы жоба қалай болып жатыр, кімдерге көмек көрсетілді, фото, видео отчет сияқты есеп беру кезеңдері бар, сол арқылы жіті тексерілетін болады.