Дәрігерлер: ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу жолы – екпе

Жыл сайын бюджет қаражаты есебінен 2,5 миллионнан астам адам екпе алады.

Бұл – ел халқының 15%-і. Қазір соңғы 2 айда респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандардың саны 20%-ке өсіп отыр. Олардың дені – балалар. Бұл тұрғыда дәрігерлер аурудан қорғанудың тиімді тәсілі «екпе» дейді. Биыл Денсаулық сақтау министрлігі рейсейлік «Гриппол» вакцинасының 2 миллион 400 мың дозасын сатып алды. Оны тұрғындардың кез келген медициналық нысаннан салдыруға мүмкіндігі бар. Екпе диспансерлік есепте тұрған  балалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқандар мен созылмалы дертке шалдыққан азаматтарға тегін салынады.

Әсемгүл Абатова, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы:

- Басқа адамдарға ақылы. Барлық медицина мекемелерінде ақылы түрде вакцина алуға болады. 7 түрлі вакцина бар. Осындай қауіпсіз вакциналарды тұмаудың алдын алуға мүмкіншілік бар. Вакцина құны шамамен 3,5-6,5 мың теңге болады. Вакцина өте тиімді құрал және қауіпсіз.