Төтенше жағдайлар министрі өрт қауіпсіздігі мәселесін көтерді

Өрт кезінде қайтыс болған шымкенттіктер саны былтырғыға қарағанда 9 есе өскен.

Мегаполистен кейін Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстары тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

Жалпы ел көлемінде жыл басынан бері 4 мыңнан астам үйде өрт шыққан. Салдарынан 203 адам қаза тауып, 193 кісіні күйік шалды. Министрлік оқиға орнына жету мерзімін қысқартпақ. Ол үшін кезекші-диспетчерлік қызметтердің жұмыс орны автоматтандырылады. Себебі зерттеулер көрсеткендей адам негізі өрт басталған алғашқы 5-6 минут ішінде көз жұмады екен. Сондай-ақ «Жатақхана» акциясы аясында мыңнан астам осындай нысанды тексеру көзделіп отыр.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Рейдтік іс-шаралармен 1,5 мыңға жуық жатақхана қамтылды. 700 жатақханада 3 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды. Бұл жұмыстың тиімділігі жатақханадағы өрттердің, зардап шеккендердің және адамдардың өлімінің азаюымен расталады. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда өрттер 36%-ке, зардап шеккендер 2,5