Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігі ашылды

Орталық Азияда мұндай өкілдікті ашу туралы ұсынысты Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед әт-Тайеб жасаған болатын.

Бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді. Бұны салтанатты рәсімге қатысқан Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев айтты. Оның сөзінше, Мұсылман ақсақалдар кеңесі барлық діндердің ынтымақтастығын нығайтуды көздейді.

Сондай-ақ бүгін Сенат Төрағасы «Somaiya Vidyavihar» университетінің Канцлері, Индуизм делегациясының басшысы Самир Шантилал Сомайямен екіжақты кездесу өткізді.