Жезқазған жылу орталығы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына қатысады

Жезқазған жылу электр орталығы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына қатыспақшы. 

Кәсіпорын басшылары бұл ұсынысты көпшіліктің талқысына салды. Алдағы 5 жылдықты қамтитын бағдарлама аясында 2027 жылға дейін өндірілетін жылу бағасын 75 процентке көтеру жоспарланып отыр. Егер мақұлданса, тариф жылына 15 пайызға өсетін болады. Кәсіпорын өкілдері орталықты жаңғырту үшін, осындай қадамға барғандарын айтады. Себебі жабдықтар 70 процентке тозған. Салдарынан соңғы жылдары кәсіпорында апат жиілеп кетті.

Дәуір Жүнісбеков, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- 5 жыл бойы жыл сайын бір-бір қазандықты күрделі жөндеуге 5 жыл бойына 3,5 млрд инвестиция тартуға жоспарлап отыр. соның негізінде тарифтік сметаны ұсынып отыр. көпшілік қарсылық танытатын болса біздің департамент шешім қабылдаған кезде тұрғындардың, тараптардың ұсыныс пікірлерін ескеретін болады.