Жамбыл облысында биыл өрттен 15 адам көз жұмды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 15 адам өрттен көз жұмды. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтты. Өрттің дені жеке тұрғын үй секторларында тіркелген. Сол себепті тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Құтқарушылар полицейлер және волонтерлермен бірлесіп осы күнге дейін 450 мыңға жуық ауланы аралап шықты. Қауіптің алдын алуға бағытталған мұндай профилактикалық жұмыстар жалғаса береді.

Мақсат Әкімбаев, ТЖД басқарма бастығы:

- Қаза болғандардың он бірі тұрғын үй секторында орын алған. Олардың барлығы алкагольді пайдалану кезінде және төсекте темекі тарту салдарынан өрт кезінде қаза болып отыр. Қазіргі жылыту маусымы басталғалы облыстағы жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес 5219 тұрғын үй есепке алынды оспл топтағы. Бұл тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарының бірінші кезеңі басталды.