Ақтөбеде қызылша дерті дендеп барады

Қазір өңірде ауру жұқтырған 81 адам ем алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ішінде 68 бала бар. Қаладағы медициналық мекеме 75 науқасқа шақталған. Осыған байланысты облыс орталығында қосымша стационар ұйымдастырылды. Дәрігерлер аурудың алдын алудың бірден-бір жолы вакцина дейді. Өңірге екпенің 30 мың данасы жеткізілді.

Рүстем Исаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Эпидситуацияға байланысты біздер қазір қаланың сыртындағы санаторийда 80 койка аштық. Енді жеңіл түрдегі балаларды біздер үйіне жібереміз. Асқынған формалар болса, жаңағы ларингит, фарингит, бронхиолит, пневмонияға асқынып кетсе, онда ол балалар жатқызылады.