Петропалда ескі үйлер сүріледі

Петропалда жыл соңына дейін тозығы жеткен алты көп пәтерлі үй сүріледі.

Оның орнына баспаналар мен мектеп салынады. Жобалар «Жаңа қала» деп аталатын реновациялық бағдарлама аясында жүзеге асады. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша былтыр жеке секторда орналасқан 8 үй бұзылған. Ол жерлерге 3 миллард теңге инвестиция тартылып, қазіргі таңда үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы облыс орталығында әбден ескірген 30-ға жуық баспана бар.

Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Өткен жылы бізде сегіз үй сүрілген болатын, үш үйдің құрылысын жүргізу үшін. Орнына тұрғындардың көбі пәтер алды, қалғаны ақшалай алған болатын. Қазірті таңда бізде қалай бойынша «Копай» ықшам ауданында 6 үйді сүру бойынша жұмыстар дайындық үстінде. Қазіргі таңда тұрғындармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.