Петропавл – Астана бағытындағы жол ақылы болады

Солтүстік Қазақстан облысында ақылы жол пайда болды.

Енді Петропавл – Астана бағытында қатынайтын автобус және жүк көліктері, ақша төлейтін болады. Мамандардың сөзінше аймақтағы алғашқы ақылы жолдың ұзындығы 132 шақырымнан асады. Онда шлаг-баум жүйесі қойылмайды. Тек үш аймаққа, арнайы бақылау камералары орнатылған. Яғни ақылды құрылғы көліктердің қозғалысын, жылдамдығын және маркасын бірден анықтайды.

Қанат Өсербаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ОФ басшысының орынбасары:

- Бұл учаске екінші техникалық санаттағы жолға жатады. Түскен қаражат осы трассаны күтіп ұстауға жұмсалады. Орта есеппен қазір бұл аумақттан күніне  4-7,5 мыңға дейін техника қатынайды екен. Ең бастысы жеңіл көлік иелері ақы төлемейді. Олар үшін жол бұрынғыдай тегін болады.