Ақтөбе облысының Темір ауданында кітапхана ғимараты салынады

Ақтөбе облысының Темір ауданында ұзақ жылдар бойы мәдениет үйін паналаған мұражай мен кітапханаға арнайы ғимараттар салынатын болды.

Қазір Шұбарқұдық ауылында қос мекеме үшін жер бөлініп, құрылыс жүріп жатыр. Нысандар пайдалануға берілгенде келушілерді көбірек қабылдауға мүмкіндік туады.

Темір аудандық кітапханасы көп жылдан бері, мұражаймен бірге мәдениет үйінде қызмет етіп келеді. Ғимарат екі қабатты кең болғанымен, қордағы кітаптардың бәрін бірдей қоятын орын жоқ. Тұрақты түрде келетін жүздеген оқырман үшін де арнайы зал тарлық етіп тұр. Әрі жыл сайын әдеби көркем шығармалар мен түрлі әдістемелік туындылар да келіп түседі. Сондықтан кітапханаға өз алдына бөлек ғимарат керектігі бүгінде анық сезілуде.

Гүлжанат Жанәділова, кітапханашы:

- Біз осы мәдениет үйінің ғимаратында аренда да отырмыз және біздің өзіміздің алдымызға кітапхана керек. Кітап қорымызды сақтайтын жер болмағасын біз, әкімшіліктің бір бөлмесін берді. сонда сақтап отырмыз. Оқу залы жаңаша үлгідегі коворкинг орталығы керек.

Бұл мәселені шешу осыдан екі жыл бұрын тиісті жоба жасалған. Алайда, оны іске асыруға биыл ғана мүмкіндік туды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қажетті қаржы бөлініп, екі бірдей ғимараттың құрылысы басталды. Бірінде музей мен қоса, архив орталығы да орналасатын болады. Ал, екіншісі тек кітапханаға арналмақ. Қазір құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Алданазар Балғожин, құрылыс компаниясының учаске жетекшісі:

- Жұмысшы 20 адамдай бар. Өздерінің объемдарын біледі. Бізде суббота, воскресенье деген демалыс жоқ. Біздер командировкада жүргеннен кейін күнде жұмыс бізде. Енді келесі жылы Алла қаласа, осындай ноябрде тапсырылуы керек. Біз оны графиктер бұрын тапсырамыз ба деген ойымыз бар.

Нысандарды салу жұмысы өткен қыркүйектен бері жүріп жатыр. Тиісті талапқа сай тұрғызу үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қаралған.

Дархан Мыңжасар, Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда нысандар жалпы ауыспалы. Яғни, келесі жылы бітеді тапсыру мерзімі. Жобаның құнына келетін болсақ, кітапхананың жобасы 617 млн-ды құрайды. ал, мұражай мен архив құрылысы бойынша жоба құны 672 млн теңгені құрайды. Биылғы жылы осы Жақсымай ауылдық округіне қарасты Шұбарқұдық ауылында 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы салынып жатыр және де осы аталған екі нысан - кітапхана және де осы мұражайдың құрылысы салынып жатыр.

Мамандар мәдениет саласындағы нысандардың жағдайына көңіл бөлу келер жылы да басты назарда болатынын айтады.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев