Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға 33 жыл болды

Осыдан 33 жыл бұрын қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміздің болашағын айқындаған тарихи құжат болды.

Еліміздегі беделді жоғары оқу орнының президенті, экономист-ғалым Асылбек Қожахметов осылай деп есептейді. Оның пікірінше 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің маңызды құжатты қабылдауы батыл қадам саналады. Себебі, одақтас мемлекеттің болашағы ол уақытта әлі айқындалмай тұрған еді. Бұған қоса декларацияда тағдыр шешті ұстанымдар көрініс тапты.   

Асылбек Қожахметов, экономист-ғалым:

- Мемлекеттік егемендік туралы декларацияда Қазақстанда ядролық сынақтарға тиым салынады деп анық жазылды. Бұл да батыл бастама еді. Себебі, ол уақытта ядролық сынақтарды біздің елде жүргізетін. Қазір 1990 жылы Жоғарғы Кеңес жариялаған сенімді жолды таңдап, ешбір елге алаңдамай, өз халқымыз бен азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып даму керек.