Елордада жауапсыз құрылыс мердігерлерінің жеке мүлкі тәркіленді

Елордада жауапсыз құрылыс салушылардың жер учаскесімен бірге 5 қабатты ғимарат, 7 тұрғын емес үй-жайы мемлекет меншігіне өтті.

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады. Құзырлы органның мәліметінше, аталған мүліктер сотталған үш мердігерге тиесілі болған. Сондай-ақ сот шешімімен жақында қаладағы сауда орталығының бірі мемлекетке қайтарылмақ. Бұл шаралар проблемалық объектілерді салуға жұмсалған бюджет қаражатын қайта толықтырды. Осылайша мемлекетке 1 млрд теңге қайтарылды.  

Асқар Қалыбеков қалалық прокуратураның басқарма прокуроры

- Ағымдағы жылы ғана 7 талап қою арқылы 100-ден астам үлескердің құқықтары қорғалды. Нәтижесінде алданған азаматтардың объектілері құрылыс салушылардан тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне берілді, бұл олардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді.    Үлескерлердің құқын қорғау жұмыстары жалғасуда.