Үкімет басшысы ел азаматтарын құттықтады

Премьер-министр Әлихан Смайылов ел азамттарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аз ғана уақытта ауқымды реформаларды жүзеге асырған Қазақстан жаңғыру мен орнықты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еңбекқор халқымыздың ынтымағының арқасында ел экономикасы жаһандық сын-қатерлерге төтеп беріп, жаңа өнеркәсіп саясаты тиімді іске асырылып келеді. Қоғамдық өмірімізде салтанат құрған ұлттық келісім мен әлеуметтік ауызбіршілік секілді қастерлі құндылықтар ғана мемлекетіміздің тұғырын биіктетеді. Осылай деген Үкімет басшысы бұл мерейлі күннің маңыздылығын атап, ел азаматтарына бақ-береке тіледі.