Абдуллах Гүл: Қазақстанның жетістігін мақтан етеміз

Түркияның 11-ші президенті Абдуллах Гүл елімізді Республика күнімен құттықтады.

Ол қазақ-түрік қарым-қатынасының айрықша сипатқа ие екенін тілге етіп, бауырлас жұрттарың жақындығы одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Абдуллах Гүл, Түркияның бұрынғы президенті:

- Біздің бірлігіміз көне түркі заманынан бастау алады. Ғасырлар бұрын Анадолы жұрты қазіргі Қазақстан аумағынан осында қоныс аударған еді. Сондықтан біз – түбір бір халықпыз. Географиялық тұрғыдан екі ел бір-бірінен қашық орналасса да, біз – бір ұлтпыз. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері барлық сала бойынша екіжақты ынтымақтастығымыз нығайып, дамып келеді. Біз мұны мақтан етеміз.