Газа секторындағы қазақстандықтарға көмек қажет

Сенаторлар Газа секторындағы қазақстандықтарды роумингтегі ұялы байланыспен қамтамасыз ету қажет дейді.

Қазіргі уақытта қақтығыс аймағында 150-ге жуық отандасымыз қалды. Депутат Нурия Ниязованың айтуынша, олардың көпшілігімен байланыс бар. Дегенмен елшілік тарапынан жасалған әр қоңырау қымбатқа түсіп отыр. Осы орайда сенатор Үкіметке тиісті шараларды қолға алып, Палестинадағы ел азаматтарына түрлі мәселелер бойынша ақпарат беруді сұрады. Сонымен қатар, гуманитарлық және медициналық көмек беру керектігін де атап өтті.

Нурия Ниязова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Сыртқы істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге біздің азаматтарымызды роумингпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруы керек. Заңнамалық тұрғыда телефон операторларымен тиісті жұмыс жүргізілуі тиіс. Төтенше жағдай кезінде азаматтардың орнын анықтау жұмыстары келісімсіз жүзеге асырылатынын хабарлау қажет.