«Ауыл» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді

Мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарға мәселесін шешу бойынша кеңес беріп жатыр.

Бүгін «Ауыл» партиясы да осы игі дәстүрді жалғастырды. Фракция өкілдері әр жұма күні сағат 17.00 мен 18.00 аралығында шаруаларды қабылдайды. Түйінді мәселелер болса іріктеп Үкімет қарауына ұсынады. Тамыз айынан бері телефон номері 2510 Call-орталығына 2 мыңға жуық қоңырау шалынған. Мәселенің көбі агроөнеркәсіп саласына қатысты.

Николай Арсютин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тұрмыстық мәселелерін айтып, кеңес сұрап келетін азамат көп. Олар жеке проблемаларын шешу үшін бізден жәрдем күтеді. Шамамыз келгенше көмектесеміз. Шағымданушылардың көбі жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткілікті деңгейде қолдау көрмеген соң, соңғы үмітін депутаттарға артады.