Елордада Porsche жаңа дилерлік орталығы ашылды

Елордада Орталық Азиядағы ең ірі саналатын алғашқы «Порше» дилер орталығы ашылды.

Автосалон соңғы жаһандық стандарттарға сай келеді.

Жаңа орталық  кіргеннен таңдай қақтырады. Ол «Destination Porsche» тұжырымдамасына сәйкес салынған. Яғни ғимараттың заманауи цифрлық форматтағы жүйесі, қызмет көрсету сапасы және дизайны аса ыждағаттылықпен ойластырылған. Ал орталықтың өзі,, бірнеше аймақтан тұрады.

Гаухар Ғабдрахимова, Қазақстандағы Porsche ресми импорттаушысының директоры:

- Дәл осы аймақта әрбір тұтынушы армандаған автокөлігінің жиынтығын жасауға мүмкіндігі бар. Яғни көлікті ғана емес, салондағы былғарының түсін де қалауы бойынша таңдайды. Сосын мынадай виртуалды көзілдірікті тағу арқылы арманындағы автокөліктің пішінін көре алады.

Орталықта Поршенің брендтік киімдерін, аксессуарлар мен көлікке қажетті жабдықтарды сатып алуға болады. Сондай-ақ мұнда электромобильдерге арналған гиперқуаттағыш құрылғылары және көлік жөндеу қызметі бар.

Гаухар Ғабдрахимова, Қазақстандағы Porsche ресми импорттаушысының директоры:

- «Астана Порше орталығына» салынған инвестиция көлемі 6 миллион еуроны құрайды. Енді бұл кешен көлігін техникалық тексеруден өткізіп, жаңа темір тұлпар сатып алуға келген азаматтар үшін ғана емес, «Порше» брендінің тарихына үңілгісі келетіндердің де көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Жаңа орталықта Порше автокөлігінің барлық түрі қолжетімді. Мұнда 30 қызметкер жұмыс істейді. Олар бренд стандартына сәйкес тұтыншулыларға сапалы қызмет көрсетуге дайын. Өткен жылы Порше отандық нарықтағы премиум-сегменттегі көшбасшылардың үштігіне енді.