ШҚО-да 5 ауыл газсыз қалды

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында 5 ауыл газсыз қалды.

Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал және Үлкен Қаратал ауылы газ желісінен ажыратылды. Жергілікті әкімдік мамандарының мәліметінше, Зайсан қаласынан 15 шақырым жерде  құбыр тесілген. Қазір ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Оған  8 техника,34 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, Зайсан ауданы ел шығысында газбен жабдықтталған жалғыз аудан.