Елорда маңына 7 блок-бекет қойылды

Елорда маңына 7 блок-бекет қойылып, полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуге көшті.

Себебі осы аптада Астанада бірқатар шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ауқымды іс-шаралар өтеді деп жоспарланған. Тәртіп сақшылары ұлттық ұлан және әскери полиция сарбаздарының көмегімен елордаға қатынап жатқан көліктерді жіті тексеріп, тыйым салынған заттардың болмауын қатаң қадағалауда. Мұнда полицейлер тәулік бойы кезекшілік атқарады. 

Жасұлан Бейсембеков, Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің рота командирі:

- Кіреберісте машиналарды тексеріп, заңға қайшы заттардың болмағандығын, құжаттарын түгелдігін тексеру үшін қойылған. Күдік туғызған көліктерді тоқтатамыз. Жалпы бәрін тоқтатпаймыз.