Шымкент пен Алматыда қызылша өршіп тұр

Елде А гепатитін жұқтырушылар қатары күн санап артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылша дерті де өршіп тұр. Әсіресе Шымкент шаһары мен Алматыда эпидахуал күрделі. Басты себеп – дерттің қаупі жайында халықты дер кезінде құлақтандырмау. Бұл жайында Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге бұл бағыттағы жұмыстарды шұғыл күшейтуді тапсырды.